Жамбыл облысында 17 млн. теңге сомасында ақша жымқырған бухгалтер ұсталды

Жамбыл облысында 17 млн. теңге сомасында ақша жымқырған бухгалтер ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің есепшісінің өз қызметтік мүмкіндіктерін қолдана отырып, қасақана түрде Байзақ ауданының мектептерінің бірінде жұмыс атқаратын үш мұғалімге артығымен негізсіз 17 миллион теңге айлық қаражат ретінде аударылғандығын анықтады.

Қазіргі уақытта, Байзақ ауданы білім бөлімінің есепшісіне қатысты департамент қызметкерлерімен ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлігімен, яғни мемлекттік бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша, қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексерілуде.

Бұл қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асырған тұлғаға мүлікті тәркiлеумен жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.