
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстағы акционерлік қоғамның біріне қатысты ірі көлемде салықтан жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Салық төлеуден жалтарылған сома көлемі 1,4 млрд.теңгені, ал уақтылы берешекті төлемеу салдарынан есептелінген өсімпұл сомасы 500 млн.теңгені құрады.
Тергеу барысында акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары мемлекетке жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге төленбеген салық түріндегі келтірілген залалды толығымен өтеді.
Кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеуге байланысты, қылмыстық іс ақтап алу негізсінсіз қысқартылды.