Синтетикалық есірткілер сатқан интернет-дүкен анықталды

Синтетикалық есірткілер сатқан интернет-дүкен анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті интернет ойынханалар мен  заңсыз тауарлар өткізумен айналысатын интернет-сайттарды анықтауға бағытталған жұмыстар барысында есірткі және психотроптық заттар сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтады. 

Аталған факті бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтініш жолданып,  нәтижесінде ағымдағы жылдың  9 маусымында «интернет-дүкеннің» қызметі ҚР аумағында бұғатталды.

Айта кетерлігі, 2019 жылы Департамент 15 «интернет-ойынхана» және 3 «синтетикалық есіркілер» сатқан 3 веб-ресурсты анықтап, жойған болатын.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, интернет-ресурстардың мониторингісі тұрақты негізде  жүргізілуде.