
2020 жылғы 22-23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен бірлесіп «Ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес үшін ақпараттық талдаудың және ведомствоаралық ынтымақтастықтың заманауи құралдарын қолдану арқылы бенефициарларды анықтау» атты вебинар өткізді
АЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық іс-шараның лекторлары ретінде сарапшылар Заза Берозашвили и Джузеппе Ломбардо сөз сөйледі.
ҚМК қызметшілерінен бөлек вебинарға вебинарға ғаламтор арқылы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының оқытушылары қосыла алды.
Тыңдаушылар Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық іс-қимыл тобымен әзірленген (ФАТФ) АЖ/ТҚҚ бойынша арнайы ұсынымдармен және халықаралық стандарттармен танысты.
Іс-шара барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
Ағымдағы коронавирустық пандемияға байланысты семинар онлайн режимде өткізілгеніне қарамастан, курс нәтижелі болып, тыңдаушылар әдістемелік ұсыныстардың максималды мөлшерін ала алды.
Сондай-ақ, халықаралық сарапшылар вебинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.