
ҚМА қабылдаған шаралардың нәтижесінде ӘМАТ себетінен азық-түліктің сатып алу құнын үштен біріне төмендетілді.
Талдау барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Оқуда ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдау орталығы» КММ жеке кәсіпкерден жоғары бағамен ӘМАТ сатып алуды жүзеге асыратыны анықталды.
Былтыр Орталық қырыққабатты 1 кг үшін 380 теңгеге, сәбізді 325 теңгеге сатып алды.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде ЖК-ге уәкілетті орган ескерту түріндегі жазаны қолдана отырып, «Сауда қызметін реттеу туралы» заңнамасында анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік мекеме көкөніс жеткізушілермен орташа республикалық деңгейдегі бағалармен жаңа шарттар жасасты.
Өткен жылмен салыстырғанда сәбізді сатып алу құны 35% - ға (325 теңгеден 242 теңгеге дейін), ал қырыққабат (380 теңгеден 238 теңгеге дейін) 60% - ға төмендеді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі