
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі тобының (ФАТФ) және Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 32-ші бірлескен пленарлық отырысы Қытайда 2020 жылдың маусым айында өткізілуі жоспарланған. Алайда, пандемияға байланысты ФАТФ президенті бірлескен жалпы отырысты жою туралы шешім қабылдады.
Еуразиялық топтың өзекті мәселелерін талқылау және шешім қабылдау қажеттілігін ескере отырып, ЕАТ-тың арнайы, қашықтан 32-ші пленарлық отырысы өтті, оған ФАТФ президенті Сянмин Лю (Қытай Халық Республикасы), ФАТФ Хатшылығының және ЕАТ-қа мүше мемлекеттерінің: Беларусь Республикасы, Үндістан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы өкілдері қатысты.
ЕАТ Пленарлық отырысын Ресей Федерациясы басқарды.
Коронавирустық пандемияға байланысты ЕАТ мүше мемлекеттерінің көпшілігі шеттету шараларын ұлттық деңгейде қабылдады, бұл көзбе-көз кездесулер мен шет елге шығу миссияларды өткізуге мүмкіндік бермейді. Ағымдағы жағдай ЕАТ өзара бағалау жүргізуді қиындатады.
Осыған байланысты, ЕАТ Пленарлық отырысы ЕАТ өзара бағалауының 2-ші раунды шеңберінде бір пленарлық циклға өзара бағалауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Пленарлық отырыста делегациялар Еуразия аймағындағы ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру (АЖ/ТҚ) тәуекелдерін анықтауға, талдауға және оларды азайтуға көңіл бөлді.
Пленарлық отырыста Еуразия аймағындағы АЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі, сонымен қатар ақпарат жинау әдістері мақұлданды. Бекітілген құжаттарға сәйкес жоба тобы ақпаратты жинауға және талдауға кіріседі.
Сонымен бірге, ЕАТ пленумы Германия Федеративтік Республикасына (Германия) ЕАТ бақылаушысы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады.
Анықтама:
ФАТФ – АЖ/ТҚҚ саласындағы негізгі халықаралық институт 1989 жылы G7 мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының бастамасымен құрылған. Топ ақшаны жылыстатудың тәсілдері мен тенденцияларын қарастыруға, ұлттық және халықаралық деңгейде шараларды қарастыруға жауап береді. 2012 жылы жаңартылған ФАТФ Ұсыныстары - Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандарттары қабылданды.
ЕАТ – ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымы болып табылады. Халықаралық терроризм қаупін төмендетуде және аймақ мемлекеттерінің қаржы жүйесінің ашықтығын, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды орынға ие.