
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында 2019 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың 1 желтоқсаны аралығында Қостанай қаласында 3 адамнан құралған топ ҚР ойын бизнесі туралы заңымен белгіленген жерлерден тыс аумақта заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырып, өткізгені анықталды.
“Покер” карталық құмар ойынын ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастырушылар ойынға керекті заттар мен құралдарды – ойынға арналған үстел, ойын карталары мен әртүрлі құндағы ойын фишкаларын сатып алып, ғимарат жалдаған. Ойын жабдықтарын крупье ретінде қолдану арқылы құмар ойындарын өткізіп, ойынға 5000 сомасынан төмен емес ойын фишкаларын сатып алған ойыншыларды ғана ойынға жіберумен қатар, олармен тәуекелге негізделген ақшалай ұтыс қарастырылған ауызша келісім жасап отырған.
Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307 бабының 2 б., 2 т. сәйкес кінәлі деп танылып, кінәлілердің әрқайсысына жаза ретінде 5 050 000 теңгені құрайтын 2000 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.