
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 2017-2019 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу саласында бюджет қаражатын жымқыру арқылы мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Көрсетілген мерзімде кәсіпкердің нақты басқаруымен 4 ЖК Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер жүргізетін бензин мен дизель отынын (жанар-жағар май) жеткізуге баға ұсыныстарын сұрату арқылы электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысқан. Нәтижесінде әрбір жағдайда ЖК ең төменгі бағаны ұсынған жеңімпаз ретінде танылып отырған.
Осылайша, кәсіпкер 2017 жылдың қыркүйек айынан 2018 жылғы қазан айына дейінгі мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша тапсырыс берушілерден түскен ақша қаражатын жымқырып, жеке мақсаттарына пайдалану үшін қолма-қолға айналдырған.
2020 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты үкімімен айыпталушы 4 жылға мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жылға сотталды.
2020 жылдың 11 маусымында Нұр Сұлтан қаласының апелляциялық соты сотталушыға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.