Жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін және заңсыз сауданы азайту мүмкіндігін қорғау мақсатында 10 ақпан мен 19 маусым аралығында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығының базасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің кинолог-мамандары үшін дериваттарды іздеу бойынша алғашқы дайындық курсы ұйымдастырылып, өткізілді, оған қызметтік иттері бар сегіз маман-кинолог қатысты.
Иттерді оқыту курсы қаржы мониторингі комитетінің бастамасымен және қазақ биоалуантүрлілікті сақтау ассоциацисының (ҚБСА) қолдауымен ұйымдастырылды.
Қызметтік-іздестіру иттерін оқыту процесі төтенше жағдайдың енгізілуіне қарамастан жалғасты. Оқыту бағдарламасына сәйкес иттер киіктің мүйізі, арқардың мүйізі, дала тасбақасы және қар барысының иісіне дайындалды, өйткені бұл иттер жануарлар әлемі объектілерінің контрабандасын өткізу тәуекел тобына жататын стратегиялық маңызды пункттерде (шекаралық) қызмет атқарады.
Сонымен қатар, оқу кезеңінде кинолог-мамандар жалпы оқыту курсы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің дағдыларын жетілдірді, онда соңғы кезеңнің соңында бекітілген қызметтік иттермен кинологтар Қазақстан кинологтар Одағына үйретудің жалпы курсы бойынша жоғары дайындық дәрежесін алды.
Курс соңында кинолог-мамандардың теориялық білімі және қызметтік-іздестіру иттерінің жұмыс сапасы тексерілді. 8 (сегіз) кинолог–маманға салтанатты түрде курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.
Ведомствоаралық курсты жабу іс-шарасының салтанатты бөлігінде құрметті қонақ ретінде қазақ биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСА) өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтарға багаж бен автокөлікте дериваттарды іздеуге алғашқы дайындық тобымен көрнекі көрсетілімдер, сондай-ақ үйретудің жалпы курсының элементтері көрсетілді.
Оқудан өткен кинолог-офицерлердің қызметтік-іздестіру иттерімен алған дағдыларын қолданып, жануарлардың, олардың бөліктерінің немесе дериваттарының заңсыз трафигіне қарсы күрес ісіне баға жетпес үлес қосады деп үміттенеміз.