Атырау қаласында заңсыз ойын орындары қызметінің жолы кесілді

Атырау қаласында заңсыз ойын орындары қызметінің жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР ІІМ  Ұлттық  гвардиясының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында  Атырау қаласындағы бірнеше  заңсыз  ойын  орындар қызметінің  жолын кесті.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК  307-бабының 2 б.  2 т. (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 Құрметті азаматтар!  

 Егер сізге ойын мекемелерінің, «Қаржылық пирамида» белгілері бар ұйымдардың, сондай-ақ күмәнді микро-кредиттік компаниялардың құқыққа қарсы іс - әрекеттері туралы белгілі  болса Қаржы мониторингі комитетіне: 8(7122) 70-84-78  сенім телефоны, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8(7122)35-42-10 сенім телефоны арқылы  хабарлауыңызды сұраймыз.