Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) сандық құрамы 3 адамды құрайды, олардың 1 Агенттіктің өкілі, 2 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсырады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатарынан жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 6 наурыздан 14 наурыз аралығында жүргізіледі.
Құжаттар Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, мекенжайы бойынша, 215-кабинет Агенттікке ұсынылады немесе zh.taupanova@afm.gov.kz электрондық поштаға жіберіледі.
Үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
Байқаушы болуға ниет білдірген тұлға 2024 жылғы 6 наурыздан 14 наурыз аралығында Агенттікке не zh.taupanova@afm.gov.kz электрондық поштаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Анықтама телефондары: 70-84-78 (ішкі 21507).
Құқықтық актілерге сілтемелер: «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383
"Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереже" https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022264