Тренингтің негізгі мақсаты судьяларда, прокурорларда және тергеушілерде қылмыстық кірістерді заңдастыру туралы істер бойынша біркелкі түсінік пен құқық қолдануды қалыптастыру болып табылады.
Ол үшін ЕАТ Хатшылығының өкілдері үш күн ішінде тренингке қатысушыларға жария етудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасын айқындау, қатарлас қаржылық тергеулер жүргізу және қылмыстық кірістерді тәркілеу жөніндегі ағымдағы қазақстандық тәжірибені интерактивті форматта талқылай отырып, ФАТФ халықаралық стандарттарын түсіндіретін болады.
Тренингті Қазақстанға техникалық көмек көрсету шеңберінде ЕАТ Хатшылығы Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.