А.ж. 4 наурызында ЕАТ Хатшылығының көмегімен Астана қ. гибридті форматта Донорлар мен провайдерлердің (ДжП) кездесуі өтті

А.ж. 4 наурызында ЕАТ Хатшылығының көмегімен Астана қ. гибридті форматта Донорлар мен провайдерлердің (ДжП) кездесуі өтті

Кездесу барысында Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету жөніндегі жоспарды іске асыруға байланысты мәселелер талқыланды.

Елді өзара бағалау қорытындылары бойынша қабылданған жоспар оқыту мен консультациялар жүргізу, әдістемелік құжаттарды әзірлеу және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу сияқты техникалық жәрдемдесудің түрлерін көздейді.

Анықтама: Қазақстан Республикасының өзара бағалау туралы есебі 2023 жылғы маусымда ЕАТ-тың Жалпы отырысымен бекітілген. Іс-шараға АҚШ пен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшіліктерінің, Франция мен Жаңа Зеландияның уәкілетті органдарының, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ, ЕҚЫҰ, АДБ, ЕАДБ сияқты халықаралық ұйымдардың, ХҚМОӘО, ECOFEL және RUSI оқу орталықтарының өкілдері қатысты.  

Call-center: 1458