Қостанай облысының «кәсіпкері» «Элитная» маркалы ішімдіктің бір жарым мыңға жуық бөтелкесін заңсыз сатпақшы болған

Қостанай облысының «кәсіпкері»  «Элитная» маркалы ішімдіктің бір жарым мыңға жуық бөтелкесін заңсыз сатпақшы болған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған есеп-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін заңсыз сату әрекетінің жолын кесті. 

Осылайша, бақылаудағы сатып алу арқылы Департамент қызметкерлері Қостанай облысы Меңдіқара ауданының жеке кәсіпкеріне тиесілі көтерме сауда дүкенінде «Элитная» маркалы ішімдіктің 12 бөтелкесін заңсыз сату фактісін анықтады. 

Тергеу барысында «кәсіпкердің» заңсыз пайда табу мақсатымен белгісіз тұлғадан жалған ЕБМ бар көлемі 0,5 литр 1 444 бөтелке алкоголь өнімін заңсыз сатып алып, әрі қарай сату үшін сақтағаны анықталды.

Меңдіқара ауданының сотымен ол ҚР ҚК 233-б. 2-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты болып танылды және оған 1 (бір) жылға алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудамен өткізу қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 500 АЕК көлемінде айыппұл белгіленді.