
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің басым бағыттарының бірі мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымымен күрес болып табылады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған құжаттарды пайдалана отырып, 37 мың литр дизель отынын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 197-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
Комитет еске салады: мұнай және мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерін өңдеу үшін ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес мүлікті тәркілеумен немесе онсыз 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.