Қаржылық мониторинг субъектілері өздеріне пайдалы ақпаратты "websfm mobile" мобильді қосымшасынан ала алады

Қаржылық мониторинг субъектілері өздеріне пайдалы ақпаратты "websfm mobile" мобильді қосымшасынан ала алады

Қосымшада "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Заңына сәйкес оқытуға арналған және өзге де материалдар жарияланған. Қосымшада авторизациялану Веб-СФМ порталына бекітілген ЖСН/БСН және парольді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Авторизацияланған пайдаланушы жабық Веб-СФМ модульдеріне қол жеткізе алады, сауалнама/тестілеуден өте алады, Веб-СФМ порталына жүктелген хабарламаларды, сертификаттарды және реттеуші құжаттарға қол жеткізе алады.

Қосымшаны iOS және Android операциялық жүйелеріндегі мобильді құрылғыларға жүктеу мүмкіндігі бар.

Call-center: 1458

@afm_rk