
2020 жылғы 29 мамырда Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Ә.Лесбеков және Комитеттің басшылық құрамымен бейнеконференция арқылы ЕАТ Хатшылығының және Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының Қаржылық барлау бөлімшелерінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестігін бағалаудың алдағы 2-ші кезеңінің мәселелері талқыланды. Елдер ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) өзара бағалау тәжірибесімен бөлісті.
Отырыс шеңберінде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық саясатты үйлестіруге және өзара бағалауға дайындық жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарының функциялары мен жұмыс механизмі қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар АЖ/ТҚҚ жүйесін өзара бағалау жүргізу үшін министрліктер мен ведомстволардың бірлескен жұмысын ұйымдастырудың практикалық шешімдерімен танысты.
Отырыс Қаржы мониторингі комитетіне сарапшылар деңгейінде де, басшылық деңгейде де мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастық бойынша ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік берді.
Анықтама:
ФАТФ – АЖ/ТҚҚ саласындағы негізгі халықаралық институт 1989 жылы G7 мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының бастамасымен құрылған. Топ ақшаны жылыстатудың тәсілдері мен тенденцияларын қарастыруға, ұлттық және халықаралық деңгейде шараларды қарастыруға жауап береді. 2012 жылы жаңартылған ФАТФ Ұсыныстары - Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандарттары қабылданды.
ЕАТ – ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымы болып табылады. Халықаралық терроризм қаупін төмендетуде және аймақ мемлекеттерінің қаржы жүйесінің ашықтығын, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды орынға ие.