Атырау облысында мектептің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды

Атырау облысында мектептің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін  алты жылға бас бостандығынан айырылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтік бабын пайдалана отырып,               17 млн.теңгеден асатын сомаға білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген бюджет қаражатын  жымқыру фактісі бойынша  Жылыой ауданының №9 орта мектебінің бас есепшісіне қатысты  қылмыстық  ісін тергеп-тексеруді  аяқтады.

Сот талқылауы барысында мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасынан 4 млн. теңгесі мемлекет пайдасына  өтелді.

Жылыой  аудандық сотының үкімімен  мектеп бас есепшісі ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған    мемлекеттік мекемелерде жауапты лауазымдарды иелену құқығынан 6 жыл  мерзімге айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалды.

Құрметті азаматтар! Егер Сіз бюджет қаражатын  мақсатсыз  жұмсау және жымқыру фактілері туралы ақпаратқа ие болған жағдайда Қаржы мониторингі комитетіне: 8 (7172) 70-84-78 сенім телефоны, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7122) 35-42-10  телефоны  арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.