
Мемлекет басшысы ТМД елдерінің қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалаудың Халықаралық орталығын құру туралы келісімге және "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңға қол қойды.
Қазақстан FATF (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) стандарттарына сәйкестігін өзара бағалау рәсімінен сәтті өтті.
Базель басқару институтының жыл сайынғы "Basel AML Index" рейтингінде (кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді дереккөз) біздің еліміз 2012 жылдан бастап ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізе отырып, өз позициясын бірден 27 пунктке жақсартты.
Біз 41 елден (АҚШ, Канада, Австралия, Жапония және т.б.) тұратын Азия-Тынық мұхиты ақшаны жылыстатуға қарсы күрес тобында (ФАТФ типі бойынша аймақтық топ) бақылаушы мәртебесін алдық.
Көлеңкелі экономика деңгейін ЖІӨ-ге 18,78% - ға дейін (болжамды мәні 19,75% болған кезде) төмендету қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні қол жетті:
"AML ACADEMY" Академиясын құрылды, оның қызметі қаржылық мониторинг бойынша мамандарды оқытуға, зерттеуге және сертификаттауға бағытталған.
Әлеуметтанулық сауалнамаларға сәйкес Агенттікке деген сенім деңгейі 20% - ға өсті.
Қаржылық мониторинг агенттігі елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту және қаржылық қылмыстардың алдын алуға бағытталған жұмысын жалғастыратын болады.
ҚМА Баспасөз қызметі