
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Стоп-игра» жедел-алдын алу іс шарасы аясында Атырау қаласының үш мекен-жай бойынша орналасқан заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерін анықтады: Нұрсая ықшам ауданы, Чердабаев көшесі, 17, Авангард-3 ықшам ауданы, «Бунгало» кафесінде, Алмагүл ықшам ауданы, 25А үй, «Балым» дүкенінде («Forword bet» және «Kino Bet» букмекерлік кеңселері).
Заңсыз ойын бизнесі айналымының жалпы сомасы 130 млн. теңгеден асады, оның ішінде таза пайда – 13 млн. теңге.
Тінту барысында 6 жүйелік блок, 8 монитор, 41 теледидар, 3 термопринтер, 5 сканер және 780 мыңнан астам ақшалай қаражат табылып, тәркіленіп алынды.
Атырау қаласының №2 сотының үкімімен ойын ұйымдастырушысы ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қарастырылған қылмысты жасаған үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Құрметті азаматтар! Егер сізге Атырау облысы аумағында заңсыз ойын бизнесі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы фактілер белгілі болған жағдайда, Қаржы мониторингі комитетіне 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз.