ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің Жұмыс тобының 23 отырысы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық)  тергеу органдары басшыларының үйлестіру  кеңесінің Жұмыс тобының 23 отырысы

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - СТОБК) жұмыс тобының онлайн отырысын ұйымдастырды.

Жиналысқа Әзірбайжан, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан экономикалық қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінің, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар 2023 жылғы іс-шараларды қорытындылады, сондай-ақ алдағы жоспарларды талқылады.

Жұмыс нәтижелеріне оң баға берілді. Трансшекаралық қаржы пирамидалары және заңсыз құмар ойындар туралы ақпарат алмасу бойынша тиімді өзара іс-қимыл атап өтілді.

Бұл ТМД кеңістігінде алаяқтық жобалардың таралуына және азаматтардың қаржылық шығындарын болдырмауға мүмкіндік берді.

Жұмыс тобының мүшелері 2024 жылы осы бағыттардағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ криптоактивтердің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыруға уәделесті. Атап айтқанда, бұл заңнамамен, «криптотергеу» тәжірибесімен және криптобиржалық қызметтерді заңсыз көрсететін интернет-сайттар туралы мәліметтермен алмасу.

Қазақстан тарапы Қаржылық мониторинг агенттігінің базасында тиімді және уақтылы  шараларды қабылдау үшін трансшекаралық қаржы пирамидаларының, заңсыз онлайн-казинолардың және «арнайы белгі қойылған» криптоәмияндардың бірыңғай тізімдерін құруды ұсынды.

Заңсыз ойын-сауық бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған «Джекпот» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуге бастамашылық жасалды.

Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелері үшін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жобасы және қазіргі заманғы IT-құралдардын пайдалана отырып, қабылданып жатқан алдын алу шаралары таныстырылды.

Агенттік елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  мен қауіп-қатерлерге жедел қою үшін СТОБК алаңын пайдалана отырып, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті.

СТОБК-ның келесі отырысы 2024 жылы Қазақстанда жоспарланған.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі