2023 жылғы 19-21 желтоқсан аралығында Қаржылық мониторинг агенттігі Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (АзТМЭӘК) бірлесіп Қазақстанның құзыретті мемлекеттік органдары үшін заңсыз қаржы қозғалысын өлшеу бойынша таныстыру семинарын өткізді.

Семинарға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Бас прокуратура, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Ұлттық банкінің өкілдері қатысты.

Аталған семинардың мақсаты халықаралық тәжірибе мен басты қағидаттарды пайдалана отырып, заңсыз қаржы ағындарын өлшеу мәселелерінде еліміздің мемлекеттік орган өкілдерінің білімі нығайту болып табылады.

Халықаралық сарапшылар заңсыз, бейресми және бақыланбайтын экономика бойынша ресми статистикаға шолу жасады.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары деректерді жинау және талдау, тестілеу, заңсыз қаржы ағындарын өлшеу әдістемелеріне талдау жүргізу мәселелерін талқылады.

Қорытындылай келе, тараптар Қазақстандағы заңсыз қаржы ағындарын өлшеу және жолын кесу шеңберінде одан әрі халықаралық ынтымақтастық пен озық тәжірибелермен алмасуға ниет білдірді.

ҚМА әдіснамаларды тестілеуге және Қазақстандағы заңсыз қаржы ағындарының көлемін өлшеуге жауапты жұмыс тобын басқарып, ұлттық үйлестіруші болып табылады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі