
Ағымдағы жылы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен «СТОП-Игра» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша 11 факті анықталды.
Департамент қызметкерлерімен Ақтөбе қаласындағы 11 мекен-жайда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру пунктері әшкереленіп, оның ішінде 7 факт төтенше жағдай режимі кезінде анықталған. Тінту жүргізу барысында 18 ойын автоматы, 93 процессор, 94 монитор, 62 телевизор тәркіленіп алынды.
Көрсетілген деректер негізінде ҚР ҚК 307 бабы (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысы аймағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан 4 адамға 6 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылып, айыпты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.