
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдар арасындағы үздік өзара іс-қимылға арналған Х байқауда ҚМА тергеушісі Айжан Әбікенованың «Заңды тұлғаларды пайдалана отырып кірістерді жылыстату» тақырыбында сәтті кейс зерттеуі ұсынылды.
Аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау схемасы ҚМА қаржылық барлау бөлімшесінің ақпараты негізінде белгіленді.
Ақшаны қайтару АЖ/ТҚҚ саласындағы құзыретті органдардың жедел және тиімді өзара іс-қимылының арқасында жүзеге асырылды.
Қазақстан өкілінің ұсынған жұмысы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, автор байқаудың лауреаты атанды.
Еске салайық, ағымдағы жылдың маусым айында Алматыда өткен ЕАТ пленарлық отырысының 38-ші аптасында халықаралық сарапшылар қазақстандық тараптың заңсыз шығарылған қаражатты бюджетке қайтару бойынша жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалады.
Санья қаласында (ҚХР) өткен ЕАТ 39-шы пленарлық отырысы аясында өткен жарысқа Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның қаржылық барлау қызметтерінің өкілдері де қатысты.
Мұндай іс-шараларды өткізу практиктер үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте басқа құзырлы органдармен бірлесе отырып, түйткілді мәселелердің шешімін табуына және пікір алмасуына бірегей мүмкіндік болып табылады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі