
Отырыс барысында кеңес мүшелері Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиевтің Департаменттің қызметі және жетекшілік ететін бағыттардағы алдын алу шаралары туралы есебін тыңдады.
Қоғам жұмысына өңір әкімдігінің, прокуратураның, СЖҚ департаментінің, полиция және облыстық соттың өкілдері қатысты.Қоғамдық кеңес баяндамаларды тыңдап, кедендік құқық бұзушылықтар, ұлттық жобаларды іске асыру, бюджет қаражатын ұрлаумен және негізсіз пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл, лудоманиямен күрес, заңсыз ойын бизнесі мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселелерін қарады.
Қорытындылай келе, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сәлімбай Шунеев өңірдің атқарушы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі