
Шараға көрнекті қоғам қайраткерлері, сондай-ақ еліміздің 20 өңірінен, орталық мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың қоғамдық кеңестерінің төрағалары қатысты.
Агенттіктің атынан Қоғамдық кеңес төрағасы Сәлімбай Шунеев «Қоғамдық кеңестердің қызметіндегі қоғамдық бақылау: практика және проблемалар» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясаты аясында, Қоғамдық кеңестер жұмысының өзектілігі мен тиімділігін көрсетті.
ҚР ҚМА өз қызметінде Мемлекет басшысының осы саясатын ұстанады және Қоғамдық кеңестердің қызметіне ерекше көңіл аударады.