ҚР ҚМА Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР ҚМА Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Мамытов Даурен Асқарұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Даурен Мамытов бұған дейін Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысының орынбасары қызметін атқарған.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі