
2020 жылғы 20 мамырда Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы Жанат Элимановтың Орталық Азия мемлекеттерінде қаражатты жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және заңсыз айналымға қарсы іс-қимыл жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс басқармасының Кеңесшісі Александр Водяныймен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қаражатты жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі топтың (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкестігі бойынша Қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың өзара бағалауының 2-ші раундына дайындығы туралы мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, 2020 жылы бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруда техникалық көмек көрсету, халықаралық сарапшыларды Қаржылық барлау бөлімшесінің іске асырылып жатқан бастамалары мен IT-құрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес беруге тарту бойынша БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының мүмкіндіктері қарастырылды.
2021 жылы Қазақстанның алдағы өзара бағалауын ескере отырып, бұл кездесу Комитеттің БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасымен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.