Алматы облысында 22 тонна спирт сақталған автокөлік ұсталды

Алматы облысында 22 тонна спирт сақталған автокөлік ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде «Барыс» құрылыс базарында 47 млн. теңге сомасына 22 тонна этил спирті бар автокөлікті ұстады.

Аталған факт бойынша тергеу ісі қозғалды. Тәркіленіп алынған спирт Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.