
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша ЭТД қызметкерлері Қалқаман-2 шағын ауданында арақ-шарап өнімін қолдан дайындаған Алматы қаласы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жалған есепке алу-бақылау маркасы жапсырылған 0,5 литр көлеміндегі 1040 бөтелке дайын «Қазақстан» коньягі, 525 қолданылмаған ЕБМ, 2 канистр спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар, алкоголь өнімін дайындауға, құюға және қақпақтарды өңдеуге арналған аппарат тәркіленіп алынды.
Соттың үкіміне сәйкес айыпталушы ҚР ҚК 233-бабының 2-б. сәйкес кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартумен пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.