Ақтауда жалған доллар өткізу фактісінің жолы кесілді

Ақтауда жалған доллар өткізу фактісінің жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған ақша жасау және сақтау фактісі бойынша Ақтау қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Ол 500 АҚШ доллары сомасындағы жалған ақша қаражатын айырбастау кезінде ұсталды. Одан басқа, тергеуде анықталғандай, азаматша осыған дейін жалған 1000 АҚШ долларымен өзінің қаржылық қарызын жапқан.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 190 (алаяқтық) және 231 (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) баптары бойынша кінәлі тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.