
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау халықаралық орталығы пайда болады.
Оны құру туралы Келісімге ТМД мемлекеттерінің басшылары 2023 жылғы 13 қазанда Бішкекте өткен саммитте қол қойды.
Мұндай халықаралық орталықты құру бастамасы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының кеңесіне тиесілі.
Отырыс барысында Қазақстан Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау халықаралық орталығын құру туралы Келісімге қол қойды.
Орталық деректермен және электрондық құжаттармен қорғалған алмасуды қамтамасыз ететін инфрақұрылым болады деп күтілуде, бұл Достастық мемлекеттерінің қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығын жетілдіруге, ТМД мемлекеттерінің қаржылық барлау бөлімшелерінің жұмыс желісі бойынша тиімді мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды қолдауға және осы саладағы тәуекелдерді ұлттықтан жоғары бағалауды жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін болады.