Осы іс - шара аясында ЕАТ мүше мемлекеттердің қаржы институттары арасында Еуразиялық топтың екінші байқауы өткізілді, оған Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің жетекші банктері, төлем ұйымдары, сондай-ақ криптобиржалары қатысты.
Конкурсқа қатысу үшін қаржы секторының комплаенс-қызметтері мамандарының қаржылық тергеу кейстері ұсынылған.
Конкурс олимпиадаға қатысушылар үшін ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында үздік қаржылық талдауға арналған мастер-класс форматында және тәуекел бейінінің үздік үлгісінде өткізілді.
Қазақстан Республикасы атынан конкурсқа Advanced Payment solution ltd Комплаенс-қызметі бөлімі басшысы Н. Айтмұхамбеттің "Криптовалюта транзакцияларын пайдалана отырып, клиенттің қызметіндегі АЖ/ТҚ тәуекелдері" тақырыбындағы кейсі ұсынылды.
Конкурстық комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша Қытайдан келген төлем ұйымы жеңімпаз атанды, Қазақстан өкілі 2-ші орынды және Ресей үшінші орынды иеленді. Көрермендер сыйлығын Үндістаннан келген банк алды. Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау рәсімі осы жылдың желтоқсан айында Қытайда өтетін ЕАТ 39-шы пленарлық апталығы аясында өтеді.