
Ағымдағы жылдың сәуірінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз 2000 литр дизель отынын тасымалдау және сату фактісін анықтады.
Одан басқа, тексеру барысында тағы 3200 литр дизель отыны табылып, тәркіленіп алынды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 197-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалып (мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу), тергеу әрекеттері жүргізілуде.