
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің басым бағыттарының бірі мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы күрес болып табылады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері шығару заңдылығын растайтын құжаттарсыз жанар-жағармай материалдарын заңсыз сақтау мен сату фактілерінің жолын кесті.
Тексеру барысында 21 780 литр дизель отыны мен 1000 литр бензин тәркіленді.
Петропавловск қаласындағы факті бойынша ҚР ҚК 197-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді, ал Қазығұрт ауданының Қақпақ а. тұрғынына қатысты ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес тергеу басталды.