
Ағымдағы жылдың 2 мамырында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жалған есептік-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдерін заңсыз сату және сақтау фактісінің жолын кесті.
Алтай қаласындағы жеке кәсіпкерге тиесілі қоймада тінту жүргізу барысында жалған ЕБМ жапсырылған 50 мың бөтелке алкоголь өнімдері табылды.
Бұдан басқа, тиісті ілеспе құжаттарсыз жеке кәсіпкерге жол тартқан жалған ЕБМ бар 50 мыңнан астам алкоголь өнімі тиелген жүк вагоны ұсталды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2 б. (акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.