
Қадірлі достар!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Этносаралық келісім мен конфессияаралық өзара түсіністік мерекесі төтенше жағдай кезеңінде ерекше маңыздылыққа ие.
Бүгін Қазақстан халқы және барша әлем жалпы мақсатқа - коронавирус пандемиясымен күресте табысқа жету үшін жұмыла әрекет етуде.
Осынау мерейлі мерекеде әрбір отбасыға береке мен амандық, денсаулық, ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін зор жетістіктерге жетуді тілейміз!