Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен қылмыстық кірістерді жылыстатудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен қылмыстық кірістерді жылыстатудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі жобасы аясында ЭЫДҰ, АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен, азаматтық тәркілеу мен активтерді қайтарудың әлемдік тәжірибесін зерделей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен қылмыстық кірістерді жылыстатудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті.

Анықтама:

ЭЫДҰ ауқымды талдамалық жұмысты жүзеге асырады, мүше елдер үшін ұсынымдар әзірлейді және экономикалық мәселелер бойынша көпжақты келіссөздерді ұйымдастыру үшін платформа ретінде қызмет етеді. ЭЫДҰ қызметінің едәуір үлесі ақшаны жылыстатуға, салық төлеуден жалтаруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен байланысты.

Семинарға ҚР ҚМА сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржылық мониторинг, құқықтық қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары - Данияр Үсенов пен Думан Сүлейменов, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың сарапшылары, АҚШ, Украина, Румыния және Литва құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, агенттік қызметкерлері АҚШ Әділет министрлігінің кірістерді жылыстатуға және активтерді қайтаруға қарсы күрес жөніндегі халықаралық бөлімінің басшысы Мэри Батлер ханыммен екіжақты кездесуі барысында бірқатар өзекті жобалар бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізді.