ҚМА Қоғамдық кеңесінің кезекті көшпелі отырысы Алматыда өтті

ҚМА Қоғамдық кеңесінің кезекті көшпелі отырысы Алматыда өтті

Отырыс жұмысына Парламент депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшылары қатысты.

Қатысушыларға Департамент басшысы Ысмағұлов Нұржанның атқарылған жұмыс және алдағы қызметтің басым бағыттары туралы есебі ұсынылды.

Сондай-ақ Агенттіктің басқарма басшысы Недзвецкий Леонидтің өз қатарларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды, сондай-ақ «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды іске асыру тетігі және өзге де мәселелер талқыланды.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Шунеев Сәлімбай және Қоғамдық кеңестің басқа мүшелері Алматы облыстық департаментінің Мемлекет басшысының тапсырмаларын және басым міндеттерін орындау бойынша атқарған жұмысына, жүйелі проблемаларды шешуге және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсерін тигізуге, сондай-ақ қаржылық мониторинг органдарының жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

Сондай-ақ отырыста ағымдағы жылдың 12-шілдесінде Ел Президенті Қ.Қ. Тоқаев қол қойған және Қазақстан халқының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, құқықтық үстемдігін, әлеуметтік әділеттілікті, Қазақстанның өз халқының игілігі үшін орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды іске асыру тетігі мәселелері талқыланды.

Қоғамдық кеңестердің есептерді тыңдауы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатының негізгі бағыттарының бірі және орталық мемлекеттік органдардың қызметін бағалау критерийі болып табылатынын атап өткен жөн.