«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС бұрынғы бас есепші 200 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС бұрынғы бас есепші  200 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Аса ірі мөлшерде Сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, одан әрі өзіне қайтарып алғаны анықталды. Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған.  

Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген. 

Тергеу әрекеттері жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі