Кинологиялық орталық базасында кинолог-мамандарды дериваттарды іздеуге дайындау курстары ұйымдастырылды

Кинологиялық орталық базасында кинолог-мамандарды дериваттарды іздеуге дайындау курстары ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесімен танымал, бұл жабайы жануарларды заңсыз аулаумен айналысатын браконьерлердің қызығушылығын тудырады. Ал олардың ішінде орасан зор қызығушылықты ақбөкендер, дала тасбақалары мен ителгілері тудырады.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы базасында Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығымен және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, дериваттарды іздеу бойынша сегіз кинолог-маманды даярлау курстар ұйымдастырылды.

Төтенше жағдай режимінің әрекет етуі кезеңінде оқу процесі Кинологиялық орталығының аумағында үздіксіз оқытуды қамтамасыз етіп жатқан оқытушылар құрамының арқасында жалғасуда. Қазіргі уақытта кинолог-мамандар оқытудың екі кезеңін аяқтады.

Кинологиялық орталықтың ұжымы кинолог-мамандар курс аяқталғаннан кейін қызмет атқару орындарында браконьерлердің заңсыз кәсіпшілігімен күреске өз үлесін қосатынына шынайы сенім білдіреді.