Алматы қаласында бір топ тұлғаның жалған ұтысы жоқ лотерея ойынын ұйымдастыру фактісі анықталды

Алматы қаласында бір топ тұлғаның жалған ұтысы жоқ лотерея ойынын ұйымдастыру фактісі анықталды

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен және Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері бірлескен жұмысы барысында әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ұтысы жоқ лотерея ойынын ұйымдастырған топ анықталды.

Аталған топ 2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында құнды ұтыс сыйлықтарын, яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техника құралдарын  ойнатпақ болып, жалған лоторея ойынын ұйымдастырған.  

Жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар, лотерея ұйымдастырушыларында болмаған. Олар лоторея ойынына қатысушыларды сендіру үшін 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталды.

Әлеуметтік желелерде жүргізген жарнамалар арқылы 9 900 теңге тұратын 20 000 данадан асатын ойын билеттері сатылған. Ұтыс ойынын ойнататын бағдарламаға, ұйымдастырушылармен  алдын ала белгіленген ұтыс билеттері енгізілген. 

Қазіргі таңда, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, лоторея ойынын ұйымдастырушыларға қатысты Алматы қаласының полиция департаменті төтенше жағдайды бұзу дерегі бойынша ҚР әкімшілік кодексінің 476 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.