
#BIZBIRGEMIZ жалпы республикалық акциясы шеңберінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы облысы Іле ауданының Орталық ауруханасындағы төтенше жағдайда үздіксіз жұмыс жүргізіп жатқан «Жедел жәрдем 103» автокөліктерінің техникалық қызметіне пайдалану үшін 325 литр мотор майын тапсырған.
Атап өтсек, табыстаудан бұрын мотор майы қылмыстық іс шеңберінде тәркіленіп, заттай дәлелдемелер ретінде тіркелген.