
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Жакко Қарағанды» ЖШС басшыларына қатысты бухгалтерлік және қаржылық есеп зандылығын бұзу фактісі бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды.
Қылмыстық іс қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты ақталмайтын негізде тоқтатылды.
Сонымен бірге «Жакко Қарағанды» ЖШС мемлекетке келтірілген 128,8 млн. теңге сомадағы материалдық залал толық көлемде өтелді.