Жетісу облысында 7 млн теңгенің заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Жетісу облысында 7 млн теңгенің заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Бақылау-есепке маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерді тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізуде.

Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта темекінің шығу тегі анықталуда.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер таратуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі