
Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Қайрақ-авто» шекаларық бақылау бөлімшесінде шекаралық нарядпен бірлесіп, Алматыдан Екатеринбург қаласына жол салған жүк көлігін тексеру барысында 11 500 дана жасырылған медициналық маскаларды анықтады. Жүк «халық тұтынатын тауарлар» деп белгіленген.
Аталған факті бойынша материалдар Қостанай облысы бойынша МКД 1966 жылы туылған ҚР-ның азаматын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.
Барлық тәркіленіп алынған медициналық өнімдер Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.