Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің делегациясы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне жұмыс сапарымен келді

Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің делегациясы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне жұмыс сапарымен келді

Сапар барысында ҚМА құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері стратегиялық және жедел талдау жүргізу мен тактикалық талдауды жүргізудің негізгі тәсілдері мен тетіктерін көрсетті.

Сондай-ақ Агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржылық мониторинг субъектілерімен және құқық қорғау органдарымен жүргізетін қызметінің негіздері таныстырылды.

Қырғыз Республикасының Қаржылық барлау қызметінің төрағасы Қанат Асангулов аймақтағы АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша көп жылғы ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар елдер арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.

Айта кетейік, бұл сапар қырғыз тарапының бастамасымен өтті.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі