
Батыс Қазақстан облысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті ҰҚК ШҚ бірлесе жоспарлаған «Курьер» жедел іс-шарасының аясында «халықтық тұтыну тауарлары» жүгімен тексеріс барысында табылған 4 475 600 бірреттік медициналық масканы Ресей Федерациясына тауар жөнелтме құжаттарынсыз тасымалдаған 7 автокөлік ұсталды.
Казіргі уақытта аталған фактілер бойынша 4 қылмыстық іс тергелуде.
Барлық тәркіленіп алынған медициналық өнімдер денсаулық сақтау мекемелеріне тапсырылатын болады.