
Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімін заңсыз иелену, сақтау және сату фактісінің жолын кесті. Жедел-сатып алу нәтижесінде Қарағанды қаласы тұрғынының 1 тонна дизель жанармайын 190 000 теңгеге сату фактісі анықталды. ҚР ҚК 197-бабы, 1б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР ҚК 197-бабына сәйкес жолданған 5 қылмыстық іс бойынша Осакаровка ауданы, Балқаш және Теміртау қалалары соттарының үкімімен шығу тегі анықталмаған жанар-жағармайды сатып алумен ары қарай сақтап, жанармай бекеті, көлік боксы және жер үйден сатумен айналасқан 5 азамат сотталды. Кінәлілерге айыппұл мен қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Заңсыз айналымнан 3 миллион теңгеге бағаланған 16 тоннадан аса дизель жанармайы мен 1,5 тонна бензин тәркіленіп, мемлекеттік кіріске жолданды.