ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен цифрлық активтердің айналымы саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет тоқтатылды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен цифрлық активтердің айналымы саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет тоқтатылды

Алматы қаласының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында криптовалюта айырбастаумен айналысып, сол арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз айналымға түсіріп, ірі көлемде кіріс алған.

Тергеу барысында интернет-ресурс тіркеусіз және қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясыз түрлі криптовалюталарды сатып алу-сату қызметтерін көрсеткені анықталды.

«Binanсe» крипто-әмиянына түскен қаражат көлемі 693 мың долларды немесе шамамен 310 миллион теңгені құрады, ал 2020-2021 жылдардағы жеке кәсіптің жалпы жылдық кірісі 94 млн теңгеге жуық соманы құрады.

Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі